С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Hi Tech жиһаз цехына экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Экскурцияда оқушыларға қол еңбегімен айналысатын мамандықтардың маңыздылығын көрсету, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат беру мақсатында өткізді.Жиһаз цехына барған 20 оқушы өндіріс орнындағы жұмыс барысын өз көздерімен көріп, кәсіпорын қызметкерлерінің тәжірибесінен үлгі алды. Оқушыларға ағаштан жиһаз жасау процесі, заманауи құрал-жабдықтардың жұмысы және кәсіптің қыр-сыры түсіндірілді.
Цех басшылығы жиһаз өндірісінің бүгінгі еңбек нарығындағы маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Кейбір оқушылар кәсіпке ерекше қызығушылық танытып, өз болашақтарын осы салаға арнау мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.
