Кәсіби бағдар беру

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні Ақтау қаласы Промзона 7-де орналасқан «Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына» ақпарттық-танымдық шараға мектебіміздің 9-сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты- мектеп оқушыларны өндірістік орта жайлы білімін кеңейтіп, оның жұмыс барысымен таныстыру, жастарға кәсіби бағдар беру арқылы болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ету.

2025 жылдың 27 қараша күні Польша мемлекетінің жоғары және орта оқу орындарының ректорларының іс-сапарын жоспарлануына байланысты 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтіп, мектебіміздің 9-10-11 сынып оқушылары қатысты.

С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары Hi Tech жиһаз цехына экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Экскурцияда оқушыларға қол еңбегімен айналысатын мамандықтардың маңыздылығын көрсету, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат беру мақсатында өткізді.

Жиһаз цехына барған 20 оқушы өндіріс орнындағы жұмыс барысын өз көздерімен көріп, кәсіпорын қызметкерлерінің тәжірибесінен үлгі алды. Оқушыларға ағаштан жиһаз жасау процесі, заманауи құрал-жабдықтардың жұмысы және кәсіптің қыр-сыры түсіндірілді.

Цех басшылығы жиһаз өндірісінің бүгінгі еңбек нарығындағы маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Кейбір оқушылар кәсіпке ерекше қызығушылық танытып, өз болашақтарын осы салаға арнау мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.

Мектебімізде қазан айының 15 жұлдызында 11-сыныптар қатысуымен оқушыларға кәсіби бағдар беру аясында «Профи TIME» мамандықтар әлемі тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру; Өз қалаулары бойынша мамандықты таңдай білуге баулу; Елімізге өз үлесін қосатын адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Келесі тақырыптар аясында ақпараттармен танысып, сұрақтарына жауап алды.

  1. Мамандық таңдау факторлары.
  2. Мамандық таңдау ережесі.
  3. Мамандықтың негізгі салалары.
  4. Қазақстандағы ең бай мамандық.
  5. Мамандық таңдауға лайфхак.
    Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Бітіруші түлектер өз таңдаған мамандықтары бойынша жағымды, жағымсыз жақтарын, ой-пікірін ортаға салды. Талқылаулар жасалынып, өздеріне керекті ақпаратты алды.
Жоғарыға жылжыту