«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.Іс-шараны Полиция лейтенанты Ы. Романов жүргізді

мектепте «Абайлаңыз, балалар!» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.
Іс-шараны ПБ ЖБ ҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Ы. Романов жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға жолда жүру ережелері, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, полиция қызметкері оқушылармен бірге жаяу жүргіншілер жолағына барып, жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін іс жүзінде көрсетті.

Балаларға өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

🟢 «Қауіпсіздік – әр баланың басты жауапкершілігі!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғарыға жылжыту