Мектебімізде қазан айының 29 күні «Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинарда мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. «Үздік әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өткізу» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші А. Саркулова, «Үлгерімі төмен оқушылармен нәтижелі жұмыс жасау түрлері» тақырыбында педагог-зерттеуші бастауыш сынып мұғалімі К. Еңсегенова, «Функционалдық сауаттылықты сабақта қолдану жолдары» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ә. Әнетов, «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында физика пәні мұғалімі педагог-сарапшы Н. Айбергенова және Қазақстан тарихы пәні мұғалімі педагог-сарапшы Қ. Байгелдиева, «Биология, информатика, шет тілдері пәндерінен кіріктірілген сабақ түрлері» тақырыптарында педагог-зерттеуші биология пәні мұғалімі Ғ. Татикова тәжірибе алмасып мұғалімдермен кері байланыс жасалды. Семинар жоғары деңгейде өткізіліп мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.
